Белгі, егер ол қарау сәтінде болса немесе соңғы 10 күн ішінде көрінген болса, есепке алынады
Құрысу ұстамалары
Психоз
Ми органикалық зақымдану синдромы: ұйқысыздық, бағдарлаудың, естің, интеллектуалдық көрсеткіштердің, зейіннің, сөйлеудің бұзылуы
Көру бұзылыстары: СҚЖ аясындағы тор қабық патологиясы
ЖМҚБ (жедел мидың қан айналымының бұзылуы)
Васкулит: жаралар, гангреналар, тырнақ төсегінің инфарктілері, қан құйылулар, сондай-ақ биопсия немесе ангиография деректері бойынша васкулит белгілері
Бас сүйек-ми нервтерінің зақымдануы: сенсорлы-моторлы нейропатия
Бас ауруы: тұрақты немесе жиі пайда болатын бас ауруы, оның ішінде мигреноздық түрі. Есірткілі анальгетиктермен емдеуге жауап бермеуі тиіс
Артрит: артрит белгілері бар 2 немесе одан көп буын
Миозит: КФК жоғарылауымен немесе биопсия немесе ЭНМГ деректері бойынша өзгерістермен байланысты проксимальді бұлшықет топтарындағы ауырсыну немесе әлсіздік
Цилиндрурия: түйіршікті немесе эритроцитарлы цилиндрлер
Гематурия: көру аймағында >5 эритроцит
Протеинурия: >0,5 г/тәулік
Лейкоцитурия: көру аймағында >5 лейкоцит
Бөртпе: қабыну белгілері бар бөртпенің пайда болуы немесе қайталануы
Тақырбастық: шамадан тыс, ошақты немесе диффузды шаш түсудің пайда болуы немесе қайталануы
Мұрын, ауыз шырышты қабықтарының жаралары
Плеврит: плевра үйкелу шуымен қатар жүретін кеуде қуысындағы плевриттік ауырсыну немесе плевраның қалыңдауы
Перикардит: перикард үйкелу шуы, экссудаттың болуы, электрокардиографиялық растау белгілерінің кем дегенде біреуімен қатар жүретін перикардтық ауырсыну
Комплемент компоненттерінің деңгейінің төмендеуі: CH50, C3 немесе С4
АТкДНК жоғарылауы >25% Farr әдісі бойынша немесе зертхана нормасымен салыстырғанда
Инфекциялар алынып тасталған кездегі 38°C-тан жоғары қызба