Пациент толығымен қозғалыссыз ба?
Пациент бөгде адамның көмегінсіз арқасынан бүйіріне аунай ала ма?
Пациент жатқан қалыптан өз бетінше төсек шетіне отыра ала ма?
Пациент төсек шетінде тірексіз 10 секунд отыра ала ма?
Пациент кез келген орындықтан 15 секундтан аз уақытта тұра алады ма және қол көмегімен немесе, қажет болса, көмекші құралдардың көмегімен орындықтың жанында 15 секунд тұрған қалпында тұра ала ма?
Пациент тірексіз 10 секунд тұра ала ма?
Пациент төсектен орындыққа және кері қарай ешбір көмексіз ауыса ала ма?
Пациент қажет болса көмекші құралдарды пайдаланып, бірақ бөгде адамның көмегінсіз 10 метр жүре ала ма?
Пациент бөгде адамның көмегінсіз баспалдақпен бір қабатқа көтеріле ала ма?
Пациент бөгде адамның көмегінсіз пәтерден тыс жерде, тротуармен жүре ала ма?
Пациент пәтер ішінде таяқсыз, ортезсіз және басқа адамның көмегінсіз 10 метр жүре ала ма?
Егер пациент еденге бірдеңе түсіріп алса, ол 5 метр жүріп, түсіріп алған затты көтеріп, кері қайта ала ма?
Пациент бөгде адамның көмегінсіз пәтерден тыс жерде, тегіс емес беттермен (шөп, қиыршық тас, қар және т.б.) жүре ала ма?
Пациент қараусыз ваннаға (душ кабинасына) кіріп, шыға ала ма, өз бетінше жуына ала ма?
Пациент қоршауға сүйенбей, бірақ қажет болса көмекші құралдарды пайдаланып, 4 сатыға көтеріліп, кері түсе ала ма?
Пациент ақсамай, 4 секундта 10 метр жүгіре ала ма (жылдам жүру рұқсат етіледі)?