1) Ауырсынуыңыз теріде пайда болатын біртүрлі жайсыз сезімдер түрінде көрінеді ме? Бұл сезімдерді түйреу сезіміне теңеуге бола ма?
2) Ауырсыну орналасқан аймақта тері өзгере ме? Ол дақтармен жабыла ма? Қызарған сияқты көрінеді ме?
3) Зақымдалған тері аймағында жанасуға сезімталдық жоғарылаған ба? Теріні жеңіл сипаудың, киіммен жанасудың жайсыз немесе ауырсыну сезімдерін тудыратынын айтуға бола ма?
4) Ауырсыну тыныштық күйінде көрінеу себепсіз кенеттен пайда бола ма? Оны соғып тұратын, жарылғандай немесе электр тогының соққысына ұқсас деп сипаттауға бола ма?
5) Зақымдалған аймақтағы тері температурасы теріннің қалған беткейінің температурасынан ерекшеленеді ме? Мұндай сезімдерді күйдіру немесе қыздыру сезімі ретінде сипаттауға бола ма?
6) Аллодиния (зақымдалған және сау тері аймақтарында мақтамен жеңіл жанасуға сезімталдықты бағалаңыз)
7) Ауырсыну сезімталдығы табалдырығының өзгеруі (сау және зақымдалған тері аймақтарында ауырсыну сезімталдығы табалдырығын анықтаңыз)