Мазасыз көңіл-күй (алаңдаушылық, ең нашарын күту, мазасыз қауіптену, тітіркенгіштік)
Ширығу (ширығу сезімі, шошыну, оңай пайда болатын жылағыштық, дірілдеу, мазасыздану сезімі, релаксацияға қабілетсіздік)
Қорқыныштар (қараңғылықтан, бейтаныс адамдардан, жалғыздықтан, жануарлардан, тобырдан, көліктен)
Инсомния (қиналып ұйықтау, үзік-үзік ұйқы, тыныштық бермейтін ұйқы, оянғанда әлсіздік пен шаршағандық сезімі, қорқынышты түстер)
Интеллектуалдық бұзылыстар (зейінді шоғырландыруда қиындықтар, естің нашарлауы)
Депрессиялық көңіл-күй (әдеттегі қызығушылықтардың, хоббиден ләззат алу сезімінің жоғалуы, көңіл-күйдің басылуы, ерте оянулар, көңіл-күйдің тәуліктік ауытқулары)
Соматикалық бұлшықет симптомдары (ауырсыну, тартылу, ширығу, клоникалық құрысулар, тіс қайрау, дауыстың үзілуі, жоғарылаған бұлшықет тонусы)
Соматикалық сенсорлық симптомдар (құлақтың шыңылдауы, көру бұлыңғырлығы, ыстық пен суық лебі, әлсіздік сезімі, түйрелу)
Жүрек-қантамыр симптомдары (тахикардия, жүрек соғысы, кеудедегі ауырсыну, тамырлардағы соғу, жиі күрсіну)
Респираторлық симптомдар (кеудедегі қысым мен қысылу, тұншығу, жиі күрсіну)
Гастроинтестиналдық симптомдар (жұтынудың қиындауы, метеоризм, іштегі ауырсыну, күйдіру, асқазанның толуы сезімі, жүрек айнуы, құсу, іштің құрылдауы, диарея, іш қату, дене салмағының азаюы)
Несеп-жыныс жүйесінің симптомдары (жиі несеп шығару, несеп шығаруға күшті ұрыну, аменорея, менорагия, фригидтілік, мезгілінен бұрын шәует шығу, либидоның жоғалуы, импотенция)
Вегетативтік симптомдар (аузының құрғауы, теріннің қызаруы немесе бозаруы, терлегіштік, ширығу сезімімен бірге жүретін бас ауыруы)
Тексеру кезіндегі мінез-құлық (орындықта қозғалақтау, мазасыз ым-ишара мен жүріс, дірілдеу, бет-әлпетінің түйілуі, жүзінің ширыққан көрінісі, күрсіну немесе жиі тыныс алу, сілекейді жиі жұту)